Балаңыздың Сіз сияқты немесе сіз қалағандай болуын күтпеңіз. Оған өзіңіздей болуға емес, өзіндей болуға көмектесіңіз.
- Балаңыздан Сіз оған істеген жақсылығыңыздың өтеуін талап етпеңіз. Сіз оған өмір бердіңіз, ал ол сізге қалай қайтара алады? Ол өз кезегінде басқаға өмір сыйлайды, ал ол үшіншіге береді. Бұл – алғыс білдірудің қайтымсыз заңы.
- Ренішіңізді балаңызға төкпеңіз, қартайғанда ащы нан жеп қалмаңыз. Себебі не ексеңіз, соны орасыз.
- Балаңның мәселелеріне жоғарыдан қарамамаңыз. Әркімге өмір өз деңгейінде беріледі, және сенімді бол — ол үшін де өмір жеңіл емес, тіпті сізден де ауыр болуы мүмкін, себебі оның тәжірибесі жоқ.
- Балаңызды қорламаңыз!
- Адам өміріндегі ең маңызды кездесулер — бұл балалармен кездесулер екенін ұмытпаңыз. Оларға көбірек назар аударыңыз — біз баладан кіммен кездесіп тұрғанымызды ешқашан біле алмаймыз.
- Балаңа бір нәрсе істей алмасаңыз, өзіңізді кінәламаңыз. Бірақ істей тұрып, істемей қою — одан да жаман. Есіңізде болсын: бала үшін бәрі жасалмаса, ештеңе де жеткілікті емес.
- Бала — бұл сіздің өміріңізді басып алатын тиран емес, тек тән мен қанның жемісі емес. Бұл — өмір сіздің қолыңызға тапсырған қымбатты тостаған. Бұл — балада шығармашылық отын дамыту үшін берілген аманат. Бұл — ана мен әкенің шынайы махаббаты. Онда «біздің» емес, «өзінің» баласы, сақтауға берілген жан өседі.
- Өзге баланы жақсы көре біліңіз. Өз балаңызға жасалмасын дегенді ешқашан басқа балаға жасамаңыз.
- Балаңызды қандай болса да сүйе біліңіз — кішкентай, ересек, дарынсыз, талантсыз болса да. Онымен сөйлескенде — қуаныңыз, себебі бала — сіздің жаныңызда жүрген бір жеке мереке.

